МТРА жаңалықтары

Ертең «Атамекен» ҰКП-ның съезі өтеді

 

Ертең, яғни қарашаның 4-і «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі өтеді. Елордадағы жиналыста Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының өңірлік палаталарын құру, аймақтардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер кеңестерінің сандық құрамын айқындау мәселелері талқыланады. Палата төралқасының жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа мүшелерін сайлау, басқарманың өкілеттік мерзімін бекіту де сөз етілмек. Әрі тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту сынды өзге де тақырыптар қозғалады. Съезден солтүстікқазақстандықтар да шет қалмайды. Делегацияның құрамында 15 адам бар.


Алтынай Казиканова