ТЖ

Тұтас бір отбасы ыстан уланып, мерт бола жаздады

 

Қызылжар ауданындағы Якорь селосында тұтас бір отбасы ыстан уланып, мерт бола жаздады. 3 баланың анасы пештегі ақауды елемей кешкі уақытта отын жаққан. Кейін содан иіс сыртқа шығып, үйге тараған. Таңертең тұрғанда өздерін жайсыз сезінген жандар дәрігерге барып қаралады. Мамандар оларға иіс тигенін анықтайды. Осыған ұқсас жағдай Ғ.Мүсірепов ауданында да болды. Улы газ күйеге толып тұрған мұржадан шыққан. Абырой болғанда, бұл жағдайда да ешкім жазым болған жоқ.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Биыл 21 адамға иіс тиді. Олардың барлығы аман.
Бір байқағанымыз, пештен улы газ шығу жағдайлары соңғы уақытта жиілеп кетті. Себеп – пешті дұрыс пайдаланбау. Кейбіреуі мұржаны ерте жауып тастайды немесе әуелде тазалап қоймайды. Жылыту маусымына тиісті ережеге сай қамдану қажет.

Өңірде үйде болатын өрт саны азайыпты. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар тіркелген жоқ. Өрттен келген материалдық шығын 430 млн теңгеге жуықтайды.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
–  Жыл басынан бері облыста 550-ден астам өрт оқиғасы болды. Салдарынан 33 адам қаза тауып, 16-сы түрлі дәрежедегі жарақат алды. Қызыл жалынның 74 пайызы жер үйлерде тіркелді.

Оттың қылаң еткенін жер үйде дабыл түймесі болса бірден сезіп қалып, дыбысын қосады. Ағымдағы жылдың жазынан бері өңірде мыңнан астам баспанаға осындай құрал орнатылған. Алдағы уақытта тағы 400-ге жуығын орнату жоспарланып отыр.


Самал Жунусова