МТРА жаңалықтары

Қос полицей ерлікпен көзге түсті

 

Учаскелік инспекторлар 2 адамды жанып жатқан үйден алып шықты. Оқыс оқиға М.Жұмабаев ауданындағы Бәйтерек ауылында болды. Баспананың отқа оранғанын көрген полицейлер ойланбастан ішке кірген. Кіріп келген бетте асүйде ес-түссіз жатқан адамды көреді. Оны сыртқа шығарып болған соң қайта келіп, үй иесін құтқарады. Тәртіп сақшыларының жылдам шешім қабылдап, батыл әрекет жасауларының арқасында ұй тұрғындары аман қалды.


Алдияр Айтпаев