МТРА жаңалықтары

Биыл елде 36 қаржы пирамидасына қатысты 118 қылмыстық іс қозғалды

Қаржы пирамидалары келтірген шығын шаш етектен.

Биыл алаяқтардың қулығына түскен қазақстандықтар 4 млрд 700 млн теңгелерінен қағылған. Қаржылық мониторинг агенттігі 36 қаржы пирамидасына қатысты 118 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оның бесеуі – халықаралық ұйым. Заңсыз ақша жинағандардан 1200-ден аса адамға шығын келген. Ішкі істер министрлігінің алдын ала есептеуіне сәйкес, биыл зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асуы мүмкін. Алаяқтардың көбі қаржы ұйымдары мен банктің атын жамылып, жымысқы әрекетін жүзеге асырады. Былтыр қаржы пирамидаларына алданған 31 мыңнан аса тұрғын 54 млрд теңге шығынға батқан.


Дана Ешкенова