МТРА жаңалықтары

11 аудандағы су таратушы кәсіпорындар “Есіл су” филиалына қарыз

 

Сусыз тіршілік жоқ. Осы күнде сапалы ауыз суға зар болып отырған елді мекендер жетерлік. Теріскей өңірінде бұл проблема біртіндеп шешіліп келеді. Мәселен, биыл 400-ден астам ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Оның 287-сінде таратушы желі бар. Халықты тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында үстіміздегі жылы 12,3 млрд теңге бағытталған. Жыл соңына дейін 12 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жақсармақ.

ПАВЕЛ ШИЛОВ, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
– 10 ауылға су беріледі. Қалған 33-індегі шаруа келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 200-ден астам елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша кезеңдік жоспар дайындалды. Осы ретте бірнеше жерде топтық су желілері қалпына келтіріліп, қажет болған жағдайда жаңасы салынады. Алға қойған мақсатымызға 2026 жылдың басына қарай толықтай жетеміз деген үміттеміз.

Әкімдік отырысында «Есіл су» филиалының директоры да сөз алды. Бүгінде аталған мекеме өңірдің – 11, Қостанай облысының 2 ауданын сумен қамтамасыз етуде. Қанат Асқаров «Преснов топтық су құбыры» мен «Соколов топтық су құбыры» жобалары мәресіне жеткенін хабарлады. Нәтижесінде, алғашқы аталғаны арқылы – 15, кейінгісінен 16 ауылға су беріледі.

ҚАНАТ АСҚАРОВ, “Нұра топтық су құбыры” ШЖҚ РМК “Есіл су” филиалының директоры:
– 9 ай ішінде 3 млрд 640 млн теңге көлеміндегі субсидия игерілді. Қаражат алдыңғы жылмен салыстырғанда 27 пайызға көп. Биылдыққа өңір халқын сумен қамтамасыз ету бойынша 4,5 млн текше метріне келісім-шарт жасалды. Қоса кетейін, бүгінде бірнеше аудан «Есіл су» филиалына қарыз. Дебиторлық берешектің жалпы сомасы 63 млн теңгеден асады. Әсіресе, Мамлют пен Аққайың аудандарының қарызы көбірек.

Жекелей тоқталсақ, Мамлют ауданындағы бейінді кәсіпорындар – 14, ақққайыңдықтар – 10,9, Есіл ауданы филиалға 11 млн теңге қарыз екен. Өңір жетекшісі аудан әкімдеріне мұндай жағдайды шешудің жолдарын қарастыру қажеттігін айтты.

ЛЮФТ
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
–  Нужно искать варианты, как погашать задолжность.  Это ваша зона ответственности, как акимов районов.

Құмар Ақсақалов тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаушылар көмектесу керектігін айтты. Жиналғандарға Ғ.Мүсірепов ауданының азаматтарын үлгі етті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
– Өңірімізде халықты ауыз сумен қамтуға жыл сайын ерекше көңіл бөлініп келеді. 2017 жылдан бастап 33 млрд теңгеге 915 км желі жөнделді. 164 мың тұрғыны бар 214 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жақсарды. 6 жарым мың отбасы үйлеріне су кіргізді.

Облыс әкімі су тапшылығы мәселесін шешу бойынша құдықтарды көбейту қажеттігін айтты.


Алтынай Казиканова