МТРА жаңалықтары

Мемлекет кәсіпкерлерді қолдауға 172 млрд теңге жұмсамақ

Ауылды жер мен шағын қалаларда және жалпы бағыты экономиканың басым секторына бағытталған кәсіпкерлерге “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы аясында бірқатар қолдау шаралары қарастырылған. Осы орайда үкімет келесі жылы іскер азаматтарды қолдауға 172 млрд теңге жұмсамақ. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Қаржының 153 млрд теңгесі субсидиялауға, ал 19,5 млрд теңгесі кепілдендіруге арналған. Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бір кәсіпкер үшін жылдық 6%-бен 3 млрд теңгеге дейінгі сомаға жүзеге асырылмақ.
Кредит бойынша кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ішінара кепілдік беріледі. Оның көлемі бастауыш кәсіпкерлер мен жұмыс істеп тұрғандар үшін 360 млн теңгеден және 1 млрд теңгеден аспайды.


Дана Ешкенова