МТРА жаңалықтары

Ипотекалық қарыз көбейді

Қазақстанда жыл басынан бері алынған ипотекалық несие көлемі өсті.

Ұлттық банктің мәліметінше, жыл басынан бері елде 1 трлн теңгеге ипотека рәсімделген. Тұрғын үй сатып алу үшін берілген қарыз көлемі 4,2 трлн теңгеден асты, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 2,3 трлн теңге болған. Осылайша, бір жыл ішінде қазақстандықтарға үлестірілген несиенің көлемі 47%-дан асып жығылған. Оған, ең алдымен, баспана нарығындағы қымбатшылық себеп болып отыр. Соңғы 9 айда жаңа үйлер 10,5 пайызға, қайталама нарықтағы пәтерлер 16 пайызға қымбаттаған.


Дана Ешкенова