Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Еш жерде тіркелмеген қаруды тоңазытқыш артында сақтаған

Петропавл тұрғынынан еш жерде тіркелмеген ойық ұңғылы қару тәркіленді.

58 жастағы петропавлдықтың үйінен 5,6 мм-лік калибрлі патронға шақталған жалғыз ойық ұңғысы бар “Белка” мылтығы анықталды. Тексеріс барысында қарудың еш жерде тіркелмегені белгілі болды. Ер адамның сөзінше ол мылтықты орман ішінен тауып алған. Заңсыз сақталған қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Дана Ешкенова