МТРА жаңалықтары

Орманшы – табиғатқа қорғаншы

 

Табиғатты қорғап, жан-жануарлар дүниесіне қамқор болып, оларды дала өрттері мен басқа да апаттардан қорғау – орманшының басты міндеті. Александр Шитовтың бұл міндетті бұлжытпай орындап жүргеніне 20 жылдан асады. Ер азамат Булаев орман шаруашылығында орманшы болып еңбек етеді. Табиғат жанашырының сөзінше бұл мамандық зор жауапкершілікті талап етеді.

АЛЕКСАНДР ШИТОВ, Булаев орман шаруашылығының орманшысы, М.Жұмабаев ауданы:
– Табиғатты аялау – әр адамның парызы. Бірақ, кейбір жандар мұны түсінбей жатады. Олар орман ішіне таза ауамен демалуға келеді. Алайда, өздерімен ала келген қоқыстарын жинамайды. Тіпті кейбіреулері жаққан оттарын сөндірмей кетеді. Осының салдарынан орманда қызыл жалын жиі бас көтереді. Ал тілсіз жаумен күресу өте қиын. Әсіресе, орман ішінде. Өрттің салдарынан тек ағаштар ғана емес жануарлар да зардап шегіп жатады. Біздің орманшылар оттан еліктерді қолдарына көтеріп алып шыққан кездер де болды.


Дана Ешкенова