МТРА жаңалықтары

Покровка ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды

Есіл ауданына қарасты Покровка ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. Енді ұл-қыздар спорт секцияларына тегін қатыса алады. Игі іс «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында қолға алынып отыр. Қор қолдауымен нысан қажетті заманауи спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жаңа спорт залы жергілікті мәдениет үйінің ішінде орналасқан. Барлығы – 2 жаттықтырушы жұмыс істейді. Бүгінде карате мен бокс үйірмелеріне 130 бала жазылыпты. Спорттық үйірмелерге жақын орналасқан Петровка мен Явленка ауылдарының ұл-қыздары да келіп қатысуда. Айта кетейік, бұл – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Батыр боламын» ұйымымен бірлесіп «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы аясында ашқан 8-ші спортзал.


Самал Жунусова