Мәдениет

Қазақ театрында Н.Гогольдің «Жындының жазбалары» атты туындысы сахналанды

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында – премьера. Өнерсүйер қауымға «Жындының жазбалары» атты спектакль ұсынылды. Басты ерекшелік – қойылым монодрама түрінде сахналанды.

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:
– Театр ашылғаннан бері тарихымызда бірінші рет моноспектакль қоюдамыз. Кішкене толқып тұрмыз.
–  Спектакльге уақыттарыңызды арнап, рухани әлемге бір саяхат жасайық деп келгендеріңізге, «Жындының жазбалары» деген моноспектакльдің тұсаукесерінде көргенімізге қуаныштымыз.

Бұл шығарманың авторы – әйгілі жазушы Николай Гоголь. Туындыда адамның әзіл мен сарказмға толы ішкі трагедиясы баяндалады.

Басты және жалғыз кейіпкер – Аксентий Поприщин. Ішкі жан тебіренісін, ой-пікірін күнделікпен ғана бөлісетін адам. Қарапайым жұмысшы, достары жоқ, жалғыздыққа жаны жақын Арсентий бір қиындық тындаса ішкі әлеміне жасырына кетеді.
Оның да арман-мақсаттары, ұмтылыстары мен сағыныштары бар. Бірақ, бөліскен сырды тыңдайтын құлақ жоқ.

Адамға ой саларлық спектакльді жас талант иесі Думан Адыкенов қойып отыр. Бұл – қоюшы режиссер ретіндегі оның алғашқы еңбегі.

ДУМАН АДЫКЕНОВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қоюшы режиссері:
– Театр халықты тәрбиелемейді. Біз бұл спектальмен адамның тарихын ашамыз. Сол адам тарихының ішіне қоғам да, барлығы кіреді. Бұл қойылым мен үшін өте ауыр жұмыс болды. 01,37 Сахнада 15 жыл жұмыс істеп жүрген актермен жұмыс жасау мен үшін үлкен тәжірибе.

Аксентий Поприщиннің рөлін сомдаған – Асылхан Разиев. Жалғыз актерлі қойылымда ойнау зор жауапкершілік дейді. Премьераға бір ай уақыт дайындалыпты.

АСЫЛХАН РАЗИЕВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актері:
–  Бұл шығарма өте ауыр. Шынымды айтсам, өзім басында қорықтым. Бұл қойылымды өз бетімше алмас па едім. Бірақ, режиссердің ерлігі, ол “Алайық, классиканы ойнап жүре береміз бе, көрейік”- деген соң келістім. Процесс барысы өте керемет болды. Еш өкінбеймін. Бұл менің өмірімдегі актерлік кезең деп айтсам қателеспеспін.

Басты кейіпкердің образын сомдаған актер спектакльдің идеясы мен атмосферасын жеткізе білді. Бұған көрермен қауымның алған әсері дәлел.

БЛИЦ
–  Спектакль өте ұнады. Үлкен еңбек. Терең мағынасы бар. 0,22 Гогольдің шығармасынан біздің көз алдымызға елестетті. Ұжымға көп рахмет.
– Жалпы, моноспектакльге бірінші рет келіп тұрмыз. Құрбыларымызбен қойылымның атауына қызықтық. Бір триггер деп айтсақ болады. Бір жарым сағатқа жуық Асылхан деген актеріміз кейіпкердің эмоциясын, іс-әрекеттерін өте көркем жеткізе білді.


Самал Жунусова