МТРА жаңалықтары

Абай болыңыз, көктайғақ!

Көктайғақ келді. Өңір полицейлері көлік жүргізушілеріне қысқа қамдану қажеттігін тағы бір қаперге салады. Жазғы шинамен жүрген автомобильдің салдарынан жол-көлік апаты болуы мүмкін. Дөңгелекті қысқыға ауыстыратын кез келді дейді тәртіп сақшылары. Сондай-ақ, жолда жылдамдықты асырмай, көлік арасындағы қашықтықты да сақтау қажет.

 Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы

– “Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті сіздерден жолдарда мұқият болуларыңызды, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды, көліктеріңіздің дөңгелектерін уақытылы ауыстыруды сұрайды”.