МТРА жаңалықтары

Газ құбырларының бұрандасын ұрлаған жігіт ұсталды

Қызылжар ауданының тұрғыны газ құбырларының бұрандаларын ұрлап келген. Осыдан екі ай бұрын қаладағы бірнеше ауданның тұрғындары газдың иісі жиі шығатынын айтып шағымданады. Тексерістен кейін көптеген құбырларда қола гайкалардың жоғалғаны белгілі болады. Заттардың бағасы 11 мың теңгеден басталады екен. Ұрлық, әсіресе, қаланың орталығында және «Береке» мен «Жас өркен» аудандарында тіркелген.

ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ, қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы:
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында еш жерде жұмыс істейтін Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғыны анықталып ұсталды.

Қолды болған дүниенің бір бөлігі металл қабылдау орнынан табылды. Жоқ іздеген кәсіпорын тарапынан сомасы 900 мың теңгеге жуық талап арыз берілді.

ЛЮФТ
– Откручивал гайки, ходил. – Как? – Бронзовые. Руками. А где откручивали? – Бензострой, центр. – Вы понимали, что это неправильно, опасно? – Понимал.

Іс сотта қаралып, қолының жымысқысы бар ер адам 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.


Алтынай Казиканова