Мәдениет

Республика күніне орай Петропавлда Оpen Аir шарасы өтті

 

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:
– Петропавлда – Оpen Аir. Республика күніне арналған шара кешкі 5-те басталды. Әзірге, жерлестеріміз үшін жергілікті өнерпаздар өнер көрсетуде. Кеш соңында солтүстікқазақстандықтар үшін Ninety One тобы ән шырқамақ.

Күздің суығында қатары қалың тыңдаушы қауымға Республика күнінде әуелеген әндер жылу бергендей. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік концерт көптің көңілінен шығып жатыр.

БЛИЦ:
–  Концерт тамаша өтіп жатыр. Маған өте қатты ұнауда.
– Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын. Бүгінгі концерт өте керемет өтуде. Көңіл-күйіміз тамаша.
– Республика күні құтты болсын. Мен Ninety One-ды көруге келдім.

Жиналған қалың жұртшылық та осы бала секілді Ninety One-ның сахнаға шығуын асыға күтуде. Бірақ, жастар арасында аса танымал топ жерлестерімізді қазанның қара суығында қас қарайғанша күттірді. Бір сәтте жұртшылық ду ете қалды. Әсіресе, бұрымдылардың дауысы жер жарды. Сахнаға елімізде Q-pop бағытында өлең айтып жүрген жігіттер шықты.

Ninety One тобы 1 сағат бойы өнер көрсетті. Танымал әндер шырқалып, ырғақты билер биленді. Жалпы, соңғы рет бұл ұжым өңірімізге осыдан 4 жыл бұрын, яғни, 2018 жылы келіпті. Кеш соңында топ өкілдері солтүстікқазақстандықтарға ризашылықтарын білдіріп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, жастар келесі жылы қайта келуге уәде берді.

Ninety One:
– Солтүстікқазақстандықтар өте керемет, ыстық қарсы алды. Көріскенімізге өте қуаныштымыз.
51 Атмосфера керемет. Біз өте қуаныштымыз. Осындай үлкен мерекеде Қызылжарға келіп, Республика күнін тойлап жатқанымызға. Үйлеріңізге бақ-береке берсін. Біз сіздерді жақсы көреміз. Сіздермен болған шексіз махаббатпен Ninety One.

Өнерсүйер қауымға жеткізер тағы бір жаңалығымыз бар. Алдағы мерекелерде Петропавлға тағы да өнер жұлдыздарын шақыру жоспарланып отыр екен. Алайда, кімдердің келетіні белгісіз. Оны ұйымдастырушылар құпия күйінде қалдырды.


Алдияр Айтпаев