МТРА жаңалықтары

Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Сапалы және қолжетімді бағамен! Облыс орталығында қазанның 27-сінде Беларусь фабрикаларында тігілген аяқ киімдердің жәрмеңкесі бастау алаы. Жұртшылық назарына мыңнан астам тауар түрі ұсынылады. Жәрмеңкеде кез келген жанның талғамынан шығатын, түрлі түсті, ұзынды-қысқалы аяқ киім табуға болады. Тауардың барлығы сапалы материалдан тігілген әрі әрқайсысы ыңғайлы етіп әзірленген. Іс-шараның басты ерекшелігі – шетелдік өнімдердің басым бөлігі ортопедиялық болып саналады.

В основном, вся обувь им давит по ширине косточки. Подъемы некоторым не влезают. Все идут к нам за такой обувью. Уходят счастливые и довольные с хорошей обувью.

Шетелдік өнімдер, әсіресе, зейнеткерлер арасында жоғары сұранысқа ие.

ЕЛИЗАВЕТА ПАЛИВЦЕВА, сату жөніндегі менеджер:
– “Біз жәрмеңкеде ерлер мен әйелдердің аяқ киімін ұсынбақпыз. Тауардың басым бөлігі ортопедиялық. Етіктердің ең төменгі бағасы әйелдер үшін 11 мың теңге, ал ер адамдардікі 18 мың теңге тұрады. Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 35-тен 46-ға дейін, ал ерлердікі 40-тан 49-ға дейін бар”.

Тұрғындар қажетті тауарды Ш.Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істемек.


Самал Жунусова