МТРА жаңалықтары

Мереке күндері Петропавлда 4 ұрлық пен 2 алаяқтық фактісі тіркелді

 

Өткен мерекелік демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қоғам қауіпсіздігін күнделікті 100-ге жуық маман қамтамасыз еткен.

ҚАНАТ ӘЛІМЖАНОВ, қалалық ПБ патрулдік полиция батальонының командирі:
–  Қоғамдық тәртіпті қорғауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 12 автопатруль қойылды. Сондай-ақ, жаяу нарядтардың саны да арттырылды. Басты міндетіміз – біздің қаламыздың қонақтары мен тұрғындары Республика күнін тыныш атап өтуін қамтамасыз ету.

Мамандар шаһар орталығымен қатар әдеттегідей қаланың барлық көшелерін де жүріп өтті. Рейд барысында тәртіп сақшылары үй-күйсіз жүрген, құжаттары жоқ жандарды анықтап, арнайы мекемеге жеткізген.

ЛЮФТ: (Пойдёмте в приёмник. Поедем)

Жалпы, үш күн ішінде «102» нөміріне 258 қоңырау келіп түскен. Оның дені отбасылық жанжалмен байланысты. Облыс орталығының өзінде 4 ұрлық пен 2 алаяқтық фактісі тіркелді.


Алдияр Айтпаев