МТРА жаңалықтары

Орталық алаңда мерекелік концерт өтті

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші,
–  Бүгін қазақстандықтар араға 13 жыл салып Республика күнін атап өтіп жатыр. Петропавлдықтар бұл мерекені ұлықтау үшін қаланың орталық алаңына жиналды. Ал тамашалайтын дүние мұнда жетерлік.

Жиналғандарға қаланың өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырды. Ұлттық киім киген бишілер мен әншілер егемендіктің құндылығын ән мен би арқылы жеткізді.

Үш сағатқа созылған мерекелік концертті тамашалауға жиналғандардың қарасы қалың. Алаңда бірқатар киіз үй бой көтерді. Әрқайсысында қызықты шеберлік сағаты, сұрақ-жауап сайысы мен көрмелер ұйымдастырылған. Мына жерде ұл-қыздар қиялдарына ерік беріп, сурет салып жатыр.

блиц,
–  Бұл біздің туымыз, себебі бүгін Респбулика күні. Мен барлығын Республика күнімен кұттықтаймын. Оларға сәттілік тілеймін.
–  Мен де ту салдым. Туымызда күн мен қыран құс бейнеленген. Қазақстанымызды жақсы көремін.

Мына бұрышта қолөнерден де шеберлік сағаты өтіп жатыр. Кез келген адам келіп, өз қалауынша түрлі дүние жасай алады. Ал көрші тұрған мына жерде тұрғындар викторина ойынында өз білімдерін сынай алады.

Дұрыс жауап бергендерге шағын сыйлықтар қарастырылған. Орталық алаңда мерекелік атмосфера. Петропавлдықтар мен қала қонақтары бір-бірін Республика күнімен құттықтап, өз тілектерін үлкен баннерлерге жазды.

блиц,
– , Құрметті қазақстан халқы! Қала тұрғындары мен қонақтары! Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын. Мереке жақсы ұйымдастырылған, балаларға қатты ұнап жатыр. Өте көңілді өтуде. 0,34 Еліміз өркендей берсін, жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын!

–  Бүгін солтүстікқазақстандықтарға, қазақстандықтарға мейрамдарың құтты болсын дегім келеді. Бірлік, тірлік болсын. Жастардың болашағы жарқын болып, Қазақстанды көркейте берсін. Концерт жақсы өтіп жатыр.
қаз, план96, 00,07, Мереке құтты болсын, Қазақстан жасай берсін!
қаз, план26, 07, Үлкен мерекеміз құтты болсын. Тек қана тиыштық болсын.


Самал Жунусова