МТРА жаңалықтары

Мерекеге орай полицейлердің аналарына алғыс хаттар табысталды

Полиция департаментінде ұлттық мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиынды облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев ашты. Ол қызметтік міндеттерін кәсіби атқарғаны үшін полицейлерге алғысын білдірді. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының ата-аналары мен отбасы мүшелеріне ерекше ризашылығын айтты. Республика күні аясында 200-ден астам адам түрлі марапатқа ие болды. Тәртіп сақшыларының аналары да елеусіз қалмады.

ӘЛИЯ СҮЙІНДІКОВА – полиция қызметкерінің анасы:
– Мені мұнда баламның жақсы қызмет атқарғаны, яғни алғыс айту үшін шақырды деп түсінемін. Еңбегім осындайда көрінеді. Қазақстан Республикасына қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге денсаулықтары мықты болып, еңбектері тек қана Қазақстан халқының тыныш заманында өтсін деп тілеймін.


Алтынай Казиканова