Мәдениет

Қуыршақ театры жаңа маусымын ашты

Бүгін облыстық қуыршақ театры 33-ші маусымның шымылдығын ашты.
Кішкентай көрермендерге өнер ұжымы санкт-петерборлық қоюшы-режиссер Григорий Лайконың “Кошки-мышки” спектаклін ұсынды. Қойылым ақылды тышқан жайлы. Ол әуелден Марина есімді жалғызбасты кейуананың үйінде тұрған. Мыцик есімді тышқан өмірінде мысық көрмеген екен. Тіпті, қақпанның не екенін де білмейді. Мысық та бұған дейін тышқан атаулыны кездестірмеген көрінеді. Бір күні екеуі бір-бірін жолықтырады. Бір-біріне қас болып саналатын екі жануардың кездесуі қызыққа толы. Бұл спектакльде облыстық қуыршақ театрының 3 актері өнер көрсетті.Айта кетейік, бұл қойылым өткен маусымда да сахналанған. Алдағы уақытта өнер ұжымы балақайлардың назарына бірнеше су жаңа спектакль ұсынбақшы.

Мейрам Сексенбаев, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі
– Жаңа жыл жақындап келе жатыр. Соған орай жаңадан “Умка” деген қойылым әзірлеудеміз. Тағы Нұрсұлтан Қалқабек деген өзіміздің актеріміз өзін режиссер ретінде байқап көрмек. Ол біздің кішкентай көреремендерге “Ақсақ құлан” деген қойылымын ұсынбақшы.

Айта кетейік, бүгінде облыстық қуыршақ театрының труппасында 15 адам өнер көрсетеді.


Дана Ешкенова