МТРА жаңалықтары

Ауыр жүк көлігін есірткіге елтіп алған ер адам басқарған

Көлік жүргізгенде аса абай болу қажет дейміз, бірақ мына кісі үшін жауапкершілік деген жат дүние сияқты. М.Жұмабаев ауданында бетон құрылымдары тиелген ауыр жүк көлігін мас адам басқарған. 41 жастағы ер адам синтетикалық есірткіге елтіп алыпты. Оны тәртіп сақшылары қалай байқап қалды дейсіз ғой? Алдындағы «КамАЗ»-дың жолда бұралаңдап келе жатқанынан оны айналып өтуге сескенген жеңіл көлік жүргізушісі хабар берген. Бірден сол жерге патрульдік полиция қызметкерлері келіп бұзақыны құрықтады, тексерістен өткізді.
Қостанай облысының тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды. Сот шешімімен көлікті масаң күйде басқарғаны үшін оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.