МТРА жаңалықтары

Республика күніне орай салтанатты сап түзеу жиыны өтті

25 қазан – Республика күнін мерекелеу қарсаңында облыс төңірегінде бірқатар іс-шаралар легі өткізілуде. Мәселен, бүгін Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің қабырғасында мемлекеттік әнұран шырқалды. Жалпы, бүгін еліміздің барлық білім беру ұяларында бір уақытта мемлекеттік Әнұран шырқалды.

Сонымен қатар, білім ұясында шәкірттерді “Жас ұлан” және “Жас қыран” ұйымдарына қабылдау салтанаты өтті. Айта кетсек, алғашқы аталғанына – 12, “Жас қыранға” 9 оқушы өтті. Төсбелгі мен галустук таққан ұл-қыздар дәстүр бойынша ант қабылдады.

Осыған дейін мұндай салтанатты сап түзеу рәсімі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын. Биыл Республика күніне орайластырылып отыр.

АЙНАГҮЛ ЕСҚАЛИЕВА, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің директоры:
– Жиынның мақсаты – оқушыларымызды патриоттық тәрбиеге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, қайсар, өр рухты тұлға қалыптастыруға баулу. Әр дүйсенбі сайын мектебімізде сапта тұру жиыны өтеді, балаларымыз мемлекеттік әнұранды орындайды.

Қазіргі уақытта мектепте 1000-ға жуық ұл-қыз білім алуда. 82 ұстаз еңбек етеді.


Алтынай Казиканова