МТРА жаңалықтары

“25 қайырымды іс” акциясы бастау алды

«Жанашыр жүрек»! Осындай атаумен қазанның 3-і күні елімізде халықтық акция бастау алған болатын. Шара Республика күніне арналған. Жобаның негізгі мақсаты – мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қоғам арасындағы қайырымдылық мәдениетті дамыту. Науқан аясында қазір түрлі игі бастамалар қолға алынуда. Мәселен, бүгін “25 қайырымды іс” акциясы өтті. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған жиынға облысымыздың күміс еріктілері мен жастар ресурстық орталығының мүшелері қатысып, алдағы мерекеге дейін өтетін шараларды талқылады.

СӘУЛЕ ТАХМЕТОВА, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы “Күміс еріктілер” бастауыш тобының жетекшісі:
– Жуырда “Жанашыр жүрек” акциясы аясында жалғызбасты петропавлдық әйелге көмек көрсеттік. Үйдің маңайын тазалап, көмірін кіргізіп бердік. Ал кеше далада еңбек етіп жүрген жандарға ыстық шәй үлестірдік. Бүгін “25 қайырымды іс” шарасы бастау алып отыр. Жақын арада Оқушылар сарайында концерт ұйымдастырамыз. Оған қоса жетім балаларға көмек көрсетеміз.


Самал Жунусова