МТРА жаңалықтары

«Qyzyljar Development Days» шарасы басталды

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді деп текке айтылмаған. Бүгінде ошағының түтінін түтетіп қана қоймай, ел экономикасының, қоғам өмірінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген нәзікжандылар жетерлік. Олардың қатарына жуырда Нұржан Қанатбекқызы да қосылды. 2 баланың анасы бет әрлейді. Ісін бастау үшін маусым айында «Атамекен» палатасы арқылы тегін оқытудан өткенін айтады.

НҰРЖАН ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ, қала тұрғыны
–  «Атамекенге» барып бет әрлеу бойынша курстан өттім. Одан кейін SMM курсын оқып алдым. Бәрі тегін. Қазір қас әрлеп, жұмыс істеп жүрмін.

Кәсіпке енді ғана қадам басып жатқан Нұржан келешекте жеке салонын ашуды жоспарлап отыр. Қоса кеткен жөн, қазір теріскейде 31 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның 43 пайызын нәзікжандылар алып отыр. Ісін өрге жүргізісі келетіндер мен бизнесті жаңадан бастағандар үшін қаржылық қолдаудан бөлек, консультацияның да маңызы зор. Мұнымен облыстық әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы айналысады. Биыл наурызда ашылған ұйым біршама аруға қолдау көрсетіп үлгерген.

ИРИНА ВАСИЛЬЕВА, СҚО әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының консультанты:
– Біз қызметтің 7 түрін көрсетеміз. Яғни, жеке кәсібін ашқысы келетін нәзікжандыларға бағыт-бағдар беріп, мазалаған сауалдарына жауап береміз. Айта кетсем, жуырда ашылған орталығымыз қаржылық емес қолдау көрсететеді. Бізге кәсіпкер әйелдер де келіп жүгіне алады. Алдымен анкета толтыру керек. Ол жерге қандай сала түрін дамытқысы келетінін, жұмыстың жаңа деңгейіне қалай жылдам көшуге болатынын үйретеміз.

Жалпы, бүгін Петропавлда экономикалық құқықтарды кеңейтіп, әйелдердің кәсіптегі мүмкіндіктерін қарастыруға арналған жиын бастау алды. Республика күніне арналған шара 3 күнге жалғаспақ.


Алтынай Казиканова