МТРА жаңалықтары

Қос тарап ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қос елдің көлік полицейлері шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 7 мың шақырымнан асады. Оған 13 станция жақын орналасқан. Оларда түрлі құқық бұзушылық орын алуы мүмкін. Сондықтан, 2 елдің мамандары қатысқан жиында жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың бірлескен кешенді жоспарын әзірлеудің маңыздылығы жайлы айтылды. Сапар барысында Ресей Федерациясынан келген қонақтар қаламыздың тарихи орындары мен көрікті жерлерінде болды.


Байболат Култанов