Спорт

Бөрік теппек ойынынан жарыс өтті

Бұл – бөрік теппек ойыны. Республика күніне орай Қозыбаев университетінде студенттер арасында қазақтың ұлттық ойынынан жарыс өтті. Ойынның ережесі мынадай: 7 адам бір сызықтың бойына тұрып, допты турасынан лақтырады.
Кімдікі қатарынан 3 рет алысқа түседі, сол жеңімпаз ретінде ойыннан шығып отырады. Кім қалыс қалады сол жеңіліс табады. Ойын айналмалы жүйемен үшеу қалғанша ойналады.
Жарысқа 20-дан аса жас қатысты. Еркін Тоқтарбеков – қазақ тілі мен әдебиеті пәні кафедрасының студенті. Ол аталған ойынды мектеп кезінен біледі екен.

ЕРКІН ТОҚТАРБЕКОВ, жарысқа қатысушы
– Жалпы, ойын – қазақ дәстүрінде баяғыдан бері ойнатылатын ойындардың бірі. Ойынға жалпы көптеген адамдар қатысады. Мектепте балалармен ойнайтынбыз. Жарыстар да 1-2 рет ұйымдастырылған болатын.

Бұрынғы кездің ойындары ұмыт қалып жатыр. Бүгінгі мақсат – «Бөрік теппек» ұлттық ойынын насихаттау дейді Қозыбаев университетінің спорттық-бұқаралық жұмыс жөніндегі менеджері Ербол Исатаев.

ЕРБОЛ ИСАТАЕВ, Қозыбаев университетінің спорттық-бұқаралық жұмыс жөніндегі менеджері:
–  Бұл ойынды ата-бабамыз ерте кезінде бөрік лақтырып ойнаған. Біз сәл ережесін ауыстырып, студенттерге медициналық допты лақтыртып ойнатып жатырмыз. Бөрік теппекті көбі біле қоймайды. Бұл негізі спорт түрлеріне қарағанда жеңіл атлетикаға жақындау.

Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.


Гульден Симбаева