МТРА жаңалықтары

“Заңсыз келуші” жедел-алдын алу шарасы

 

ЛЮФТ: Приехали сегодня? – Вот, сейчас приехали. – Только что? – Да…

Облыста жыл басынан бері мыңнан астам шетелдік Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған. 700-ден астам солтүстікқазақстандық шақырған шетелдік меймандарының елде болу талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылыпты. Көп жағдайда тұрғындар үйіне өзге мемлекет азаматының келгені жайында көші-қон қызметін 3 күннің ішінде хабардар етуге құлықсыз келеді дейді полиция қызметкерлері. Қазір бұл мәселе жіті бақылауда.Сәбит Жүсіпов – СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы

– “Облыс аумағында 10 қазаннан 17 қазанға дейін «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын болдырмау болып табылады. Осыған байланысты көші-қон қызметінің инспекторларымен бір жылда 2 рет көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан Республикасының азаматы анықталды. Бұл азамат сот шешімімен Қазақстан аумағынан 5 жылға шеттетілді.

«Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында
өңірдегі құрылыс орындары, базарлар, фермерлік және шаруа қожалықтары тексеріліп жатыр. Облыста қазанның 10-ынан бері шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзудың 15 фактісі анықталды. Жыл басынан бері осындай 34 факті тіркеліп отыр.


Данаш Хамзина