МТРА жаңалықтары

Петропавлда өрт-құтқару техникасының автошеруі өтті

 

Петропавлда Құтқарушылар күні қарсаңында өрт-құтқару техникасының автошеруі өтті.
Мамандандырылған №2 өрт сөндіру бөлімінің мамандары іс-шараға 5 бірлік техника дайындаған. Бірер минуттасын көліктер орындарынан қозғалып, дабылдарын қосады.
Құтқарушылардың діттеген жері – шаһардағы №4 орта мектеп. Мамандар аталған білім ұясының оқушыларына барлық техниканы таныстырып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін жұмыстары туралы айтып берді.

Дастан Әбілғазин, №2 МӨСБ бөлімшесінің командирі
– Бұл автокөлік АСА-20 деп аталады. Темір тұлпар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Яғни, көлікті тек өрт жағдайында ғана емес, сонымен қатар, кез келген апатты жағдай кезінде пайдалануға болады. Өрт сөндіру машиналарына ұқсас болғанымен, бұл көліктердің олардан біраз айырмашылығы бар. Мысалы, бұл көлікте өрт сөндіргіш құралдармен бірге су сорғыш насостар, кескіштер, жарықтандырғыш секілді құтқару құралдары бар.


Дана Ешкенова