МТРА жаңалықтары

Петропавлда ерекше аялдама пайда болды

 

Мамандандырылған №2 өрт сөндіру бөлімінің жанында ерекше аялдама орнатылды.
Алыстан қарағанда бұл аялдама макетке ұқсауы мүмкін. Алайда, жақындай келе бұл кәдімгі автокөліктен жасалған қоғамдық көлік күту орны екенін байқауға болады. Болатбаев көшесі бойында орналасқан ерекше аялдама ГАЗ-51 көлігінен жасалған.
Бұл темір тұлпардың көмегімен 50-ші жылдары талай қызыл жалын ауыздықталыпты. Бір сөзбен айтқанда сол кездегі заманның ең үздік техникасы болған. Алайда, көліктің қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін ол біраз жыл бойы техникалық бөлімде тұрған.

Нұрлан Нұқышев, СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы
–  Осындай аялдаманы орнату идеясы бізде бұрыннан болды. Оған қоса бұл жер “Өрт сөндіру бөлімі” аялдамасы деп аталғандықтан дәл осы тұсқа орнатуды жөн көрдік. Аялдаманың ішіне қауіпсіздік ережелері жазылған.

БЛИЦ:
1. Облыс орталығы көркейіп келеді. Көз тартарлық аялдамалар пайда болуда.
2. Шыны аялдамалардан гөрі осындайлар мықтырақ сияқты әрі ішінде пайдалы ақпарат жазылған.


Дана Ешкенова