МТРА жаңалықтары

Биыл СҚО-да жол апатынан 7 жаяу жүргінші қаза тапты

 

 

Петропавлда жуырда Караванная көшесін белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан ер адамды көлік соғып кетті. Қала тұрғыны қазір ауруханада жатыр.
Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, облыста жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 49 жол-көлік апаты болған. Салдарынан 7 адам қаза
тауып, 51 адам жарақат алды. 49 жол-көлік оқиғасының жартысына жуығы жаяу жүргіншінің кінәсінен туындаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-ші бабы – “Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Оның 3 мыңнан астамы – облыс орталығының тұрғындары.


Данаш Хамзина