МТРА жаңалықтары

Заңсыз діни әдебиеттерді тарату фактілері жиілеген

Елде діни мекемелерден тыс жерде үгіт-насихат жүргізу мен заңсыз діни әдебиеттерді тарату фактілері жиілеп кеткен. Қоғам дертіне айналған бұл проблема С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Рухани келісім күніне орай өткен жиында қаузалды. Елордалық дінтанушы Олег Синяковтың айтуынша қазір қоғамда дінді берік ұстанған жандардың сезімін қорлау жағдайлары да кездеседі. Мұндай іс-әрекеттерге адамдар заң мен жазаны білмеген соң барады.

ОЛЕГ СИНЯКОВ, Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушысы, Астана қаласы:
–  Заңды көбіне адамдар әлеуметтік желіде және үйде отырып бұзады. Кейбір жандар үйлерінен діни әдебиет тауып алып, оны ешбір рұқсатсыз өздігінен сатады. Елімізде бұған қатаң тыйым салынған. Мұндай әрекетке барған адам 100 АЕК көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.


Алдияр Айтпаев