МТРА жаңалықтары

Жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңызы

Бүгін – халықаралық Рухани келісім күні. Осыған орай Қозыбаев университетінде жиын өтті. Басқосуда діни сауаттылықты арттыру, деструктивті ағымдардың түр-сипаты мен оның адам өмірініне кері әсері жайында айтылды.
Жалпы, түрлі технологиялар дамыған заманда қандай да бір мәлімет табу еш қиындық тудырмайды. Дегенмен, ол мәлімет дұрыс па, бұрыс па, пайдасы бар ма, зияны неде – соны ажырата білу қажет. Көбіне теріс ағым өкілдеріне жастар мен қарт адамдар сеніп қалып, опық жеп жатады дейді елордалық дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушысы Олег Синяков.

ОЛЕГ СИНЯКОВ, Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушысы, Астана қаласы
– Жастар – біздің қоғамның ең белсенді бөлігі. Олар этикалық, философиялық, оның ішінде діни тұрғыда әлі дұрыс жетілген жоқ. Сондықтан, деструктивті, террористік жолға тез түсіп кетуі мүмкін. Әлеуметтік желілерде теріс бағытты ұстанушылардың құрған тұзағына түсіп кетіп жатқандар бар. Сөйтіп, ойда-жоқта өмірін ойран етіп жатады.


Гульден Симбаева