МТРА жаңалықтары

Петропавлда 24 жастағы қыз синтетикалық есірткімен ұсталды

ЛЮФТ: (Обнаружен и изъят полимерный свёрток в изоленте чёрного цвета) Опер.видео 00:00-00:05

Петропавлда 24 жастағы қыз синтетикалық есірткімен ұсталды.
Аудан тұрғыны облыс орталығында пәтер жалдап тұрған. Есірткі сатуға қатысы болуы мүмкін деп күдіктелген бойжеткен жедел-іздестіру шарасы барысында ұсталған. Тінту кезінде одан кристалды зат салынған пакет тәркіленді.

ЛЮФТ: (Поясните происхождение этого свёртка. Где вы его обнаружили? -По координатам получила свёрток. Приехал на место и забрала) Опер.видео 00:36-00:47

Сараптама нәтижесінде табылған 49 грамм заттың синтетикалық мефедрон екендігі анықталды. Бұл аса ірі көлем болып саналады. Тіпті, бірден 500 адамға жетеді екен.

 Бауыржан Әбділманов – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі

– Тергеу жүргізу және жеке тінту кезінде жалпы салмағы 49 грамм мефедрон атауымен психобелсенді заты бар полимерлі пакет табылды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша енгізілді.

Ұсталған қыз қамауға алынды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері облыста есірткі өткізудің 49 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 383 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді. Оның 1,5 келіден астамы – синтетикалық есірткі.


Данаш Хамзина