МТРА жаңалықтары

18 қазан – Рухани келісім күні

Елімізде 30 жылдан бері Рухани келісім күні атап өтілуде. Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылы елімізде өткен дәстүрлі діндер өкілдерінің конгресінде қазанның 18-і – татулық, мейірімділік, жақынға қайырым жасау күні ретінде белгілеу туралы шешім қабылданды.

Хамзат Әділбеков, облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы
– “Бүгін өте үлкен мереке. Рухани келісім күнінің 30 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Рухани келісім деген не нәрсе деген сұрақ туындауы мүмкін. Рухани келісімнің мағынасы діндер ішіндегі орталық құндылықтарға бірігу мәселесі. Дін араларында кішігірім айырмашылық болуы мүмкін. Бірақ, ерекшеліктерді сақтай отыра, орта құндылықтарға негізделе отырып рухани келісімге келіп отырымыз”.

Бүгінде тәуелсіз еліміздің басты құндылықтары – ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық, ауызбіршілік пен тұрақтылық. Талай ұлт пен ұлысты бауырына басқан қазақ елінің дін саласындағы саясаты бүгінде әлемге үлгі, өнеге. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында өмiр сүрiп келеді. Барлығының этномәдени орталықтары бар. Осы ретте, сөз соңында айта кетейік, өңірде 11 конфессияның 136 діни бірлестігі тіркелген.


Дана Ешкенова