МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

 

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру. Бүгін дәл осындай атаумен Бәйкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс белсенділері ұйымдастырды. Мамандар студенттерге бармақ басты, көз қыстылықтың қатері туралы баяндама оқып, бейнероликтер көрсетті.

Сәлімхан Сәбитов,«Qyzyljar – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі:
– Қазіргі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік осындай кездесулерді жиі өткізуде. Әсіресе, жастармен кездесіп, тілдесудеміз. Оларды бармақ басты, көз қыстылықтан аулақ болуға шақырамыз. Мақсатымыз – игі істерді насихаттау.


Дана Ешкенова