МТРА жаңалықтары

Академикпен жүздесу

 

Қозыбаев университетінде “Құрмет” орденінің иегері, механика саласы бойынша облыстан шыққан жалғыз адемик Амандық Төлешовтың қатысуымен жиын өтті. Жерлесіміз туған жерге сонау Алматыдан ат терлетіп келіп отыр. Мақсаты – өзі басшылық ететін білім ордасын жергілікті зауыт басшыларына таныстыру, әріптестік орнату. Жұмыс сапары барысында ағамыз өзі бір кездері бірінші проректор қызметін атқарған қара шаңыраққа бас сұғуды жөн көріпті. Қазіргі таңда оңтүстік астанада орналасқан Өмірбек Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтында маңызды жобалармен айналысып жатыр. Жетістіктері де баршылық. Биыл Амандық Қуатұлының жетекшілігімен медициналық роботтар жасалған екен. Олар пандемия кезінде өздерін жақсы қырынан көрсетіпті.

АМАНДЫҚ ТӨЛЕШОВ, Академик Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бас директоры, Алматы қаласы
–  Ауруларды тамақпен қамту үшін, уақытында дезинфекция жасау үшін роботтар жасадық. Зерттеуді әрі қарай жүргіземіз.


Байболат Култанов