МТРА жаңалықтары

Аялдаманы қиратқан петропавлдық 5 тәулікке қамалды

Петропавлда аялдаманы қиратқан 21 жастағы жігіт 5 тәулікке қамауға алынды.
Ол өткен аптада Жуков көшесінде тұрған аялдаманың күл-паршасын шығарған. Ашуын аялдамадан алудың себебі – мас болған.

 (Рядом были, кроме вас, там ещё люди? – Не знаю, не видел, находился в алкогольном опьянении. – Сильно пьяный был? – Средняя степень) 

Аялдамамен алысып жатқан адамды көрген тұрғындардың бірі “102-ге қоңырау шалған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша әлеуметтік желіге емес, бірден тиісті органға хабар берудің нәтижесінде бұзақы да дереу ұсталды.

Жанбота Қайыркенов – қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы

– Қала тұрғыны осыған дейін бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген. Түсініктеме алу барысында ол адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Кейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жіберілді.

Бұзақы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Келтірілген шығынды өтеу туралы талап-арыз беру үшін сот қаулысы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жіберілді.


Данаш Хамзина