МТРА жаңалықтары

Құрылыс саласындағы мәселелер талқыланды

 

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиын барысында білім ордасының студенттері құрылыс саласындағы жетістіктер мен мәселелер туралы сөз қозғады.
Нақтырақ айтқанда, 9 студент түрлі тақырыпта жоба әзірлеп, оны комиссия алдында қорғады. Жоба қорғаушылардың арасында 1-ші курс студенті Владислав Ревенко да бар. 16 жастағы жігіт жаңа құрылыс материалдарының оң және осал тұстарын зерттеген.

ВЛАДИСЛАВ РЕВЕНКО, жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:
– Ғылым бір орында тұрмайды. Құрылыс саласы дамып жатыр. Қазіргі уақытта нысан салуда пайдаланылатын материалдардың түр-түрі бар. Оның ішінде сапалысы да, сапасызы да кездеседі. Құрылыс материалдарының барлығы берік әрі ылғалға төзімді болуы тиіс деп ойлаймын. Сонда ғана сапа болады әрі бағасы қолжетімді болуы керек.

Ғылыми-практикалық конференция барысында студенттер қалада күнделікті көріп жүрген проблемаларды көтерді. Мәселен, көше бойында дұрыс салынбаған суағарлар мен су өткізгіштер туралы баяндама жасап, осындай олқылықтарды қалай түзеуге болатындығы жайлы ұсыныстарын білдірді.

 СӘКЕН КӘКЕН, ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
– Баяндаманың негізгі тақырыптары: құрылыс саласындағы мәселелер мен саладағы жетістіктер. Бұл шараға студенттер 1 ай бұрын дайындалды. Әр студенттің жеке жетекшілері болды.

Айта кетейік, бұл іс-шара колледждегі құрылыс бөлімінің 55 жылдығына орай өткізілді.


Дана Ешкенова