МТРА жаңалықтары

Аманаттықтар жастармен жүздесті

 

«Бір толқында». Осындай атаумен «Amanat» партиясының мүшелері Қозыбаев университетінде жиын өткізді. Шараға белсенді деген 40-қа жуық студент қатысты. Жастардың жиынында партияның елордада өткен 24-ші съезі мен алдағы болатын сайлаудың маңыздылы жайында сөз қозғалды.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Jastar Ryhy» ЖҚ СҚОФ төрағасы;
– Кездесуге партиямыздың депутаттарын спикер ретінде және партия белсенділерін шақырдық. Олар өз ойларымен бөліседі, сонымен қоса, студенттермен пікір алмасатын боламыз. 00:59 Мұнда жиналған студенттер университеттің белсенділері, жастар ұйымының мүшелері деген студенттермен кездесу өткізіп жатырмыз.

Президент өз Жолдауында жастарды қолдау шараларын да қамтып өтті. Берілген белгілі бір тапсырмалар бар. «Jastar Ryhy» жастар қанаты филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов жастар саясатын дамыту қажеттілігіне тоқталып өтті.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Jastar Ryhy» ЖҚ СҚОФ төрағасы;
–  Жолдау енді ғана жолданғанына бір ай шамасы болды. Қазіргі таңда ол Жолдаудың орындалуы көрініп жатыр. Қазіргі ең басты саяси трансформацияның негізгі бөлігі – президенттік сайлау. Сайлау өткізгеннен кейін сайланған Президентімізбен бірге жастар саясатын әрі қарай дамытатын боламыз. Жолдауда айтылған барлық мәселелерді біз қазіргі таңда жүзеге асыруға өз күш-жүгерімізді салудамыз. Жастар жайлы айтылған бөліктерді жастармен бірге талқылап, оның маңыздылығын сезіне отырып жұмыс атқарып жатырмыз.

«Amanat»-тың кезектен тыс 24-ші съезінде өзекті деген мәселелер талқыланды дейді партиялықтар. Ел болашағы, түрлі қауіп-қатердің алдын алу туралы айтылған.
Аманаттықтар студенттерге осы жайында түсірілген бейнематериал көрсетті.
Оқып-біліп алып жүрген жастар саясатқа біртабан жақын замандастарының айтқанын ұйып тыңдап отыр. Өйткені, Қазақстанның бүгіні мен ертеңі оларды да толғандырады. Мағжан сенген жастар келешекке сеніммен қарайды. Махаббат Дәурен университеттің агротехнологиялық факультетінде білім алып жүр. Болашақ маман осындай жиындардың маңыздылығына тоқталып өтті.

МАХАББАТ ДӘУРЕН, Қозыбаев университетінің студенті
–  Студент кездерінде қалай «Amanat» партиясына келгендіктері жайлы айтты. Осы алдағы дауыс беру жайлы сөз қозғалды. Бұл конференцияның бізге көп септігі тиді және алдағы уақытта осындай жиын болып отырса екен деймін.

Қатысушылар шара соңында партия өкілдеріне өз сұрақтарын қойды.


Гульден Симбаева