МТРА жаңалықтары

Көпқабатты үйлерді тұрғызу қарқыны бағамдалды

 

Комиссия отырысынан кейін Дмитрий Малахов құрылыс алаңына ат ізін салды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Уәлиханов көшесі 1/5 мекенжайында көтеріліп жатқан нысанның жағдайымен танысты. Аталған көпқабатты үйдің қаңқасы толығымен дайын. Енді ішкі және техникалық тұрғыдағы жұмыстары қалып отыр.

НҰРСҰЛТАН ТЕМІРХАН, құрылтайшы
– Қазан айының соңына дейін сорғылар дайындалып, орнатылады. Су құбырын қосамыз. Бір-екі күнде кабель жеткізілуі тиіс. Ал балалар алаңқайын салу, айналаны абаттандыру жұмысы келесі жылға қалдырылады. Кейбір техникалық параметрлердің өзгеруіне байланысты жобаға түзетулер енгізіліп жатыр.

ДМИТРИЙ МАЛАХОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
–  Нысан уақытында тапсырылуы тиіс. Қаражатты жұмсау бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, толық тексеру жұмыстарын өткізуді жауапты департаментке тапсырамын.


Алдияр Айтпаев