МТРА жаңалықтары

Жоғары вольтты электр тарату желілерінің құрылысы аяқталуға жақын

 

Жоғары вольтты электр беру желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда бұл жұмыстар Мамлют және Жамбыл ауданында жүргізіліп жатыр. Жаңашылдық “Сібір”, “Новомихайловка” және “Литейная” қосалқы станцияларын өзара байланыстырмақ. Ірі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 20-ға тарта елді мекенді электрмен жабдықтау жағдайы жақсарады. Сондай-ақ, ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарына қажет қосымша энергия қуаты есебінен солтүстік өңірдің бизнес-әлеуеті нығая түседі. Жалпы, ауқымды іске “Солтүстік Қазақстан” электр желілерін таратушы компания 900 млн теңге қаржы бағыттаған. Шаруа толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.


Алдияр Айтпаев