МТРА жаңалықтары

Оқушылар арасында өрт-құтқару спортынан қалалық чемпионат өтті

 

Петропавлдағы №3 өрт сөндіру бөлімінде оқушылар арасында қалалық чемпионат өтті. Жарысқа 10 мектептен 60 оқушы қатысып жатыр. Әр білім ұясына 6 жасөспірімнен бағын сынауда. Жарысқа дейін балалар осы алаңда 20 күн бойы жаттығыпты.

Мұнда балалар 4 кезеңнен өтуі тиіс. Әуелі оқу-жаттығу мұнарасының 2-ші қабатына сатымен көтеріледі. 100 метрлік кедергілерді бағындыруы керек. Сондай-ақ, өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю сайыстары бар.

Владимир Медведев – 32-ші мектептің оқушысы. Бұған дейін біраз жарысқа қатысқан. Спортқа жақын. Болашақта құтқарушы болғысы келеді. Өзі спортшыл болғанымен, жарыс барысында қиындықтар туындады дейді.

ВЛАДИМИР МЕДВЕДЕВ, жарысқа қатысушы
–  Екінші қабатқа өрмелеген кезде қиын болды. Себебі, сатымен мінген кезде аяғым тайғанай берді. Үшінші болып жеттім.

Оқушылар 3 жас ерекшелігі бойынша сынға түсіп жатыр. 10 мен 11, 12 мен 13 және 14 пен 15 жас.

ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД өрт сөндіру және АҚЖ ұйымдастыру бөлімінің бастығы
– Төтенше жағдай департаментінде өрт сөндіру құрама командасы бар. Сол команданы болашақта жинақтау мақсатында осындай спорттық шара өткізіп жатырмыз.

Жарыс соңында жүзден жүйріктер сыйлықтармен марапатталады.


Гульден Симбаева