Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

 

Облыс әкімінің қабылдауына Жұмысшы кентінің тұрғыны Саят Нұрқанов келді. Ер азаматты мазалайтын мәселе – үйіне кіреберіс жолдың жоқтығы.

Мәселенің анық-қанығын қала әкімі Руслан Аңбаев айтып берді. Оның сөзінше, әу баста жер учаскелері дұрыс бөлінбеген. Тиісінше, үйлер бір-біріне жапсарлас салына беріпті. Салдарынан жол жоқ.

 РУСЛАН АҢБАЕВ – Петропавл қаласының әкімі
– Жол салу үшін біз жер учаскелерінің иелерімен сөйлестік. Олардың бірі 4 метр, екіншісі 2 метр жер беруге келісіп отыр. Нәтижесінде алдағы уақытта тиісті жол салынады.

Осы ретте Құмар Ақсақалов келешекте келеңсіз оқиғалар туындамас үшін сөз жүзінде емес, барлығын қағазға түсіріп алу қажет деді. Кейін облыс әкімінің қабылдауына Есіл ауданындағы Бірлік ауылының тұрғындары кірді. Елді мекенге оңтүстіктен 4 жыл бұрын бұрын көшіп келген ағайын шабындық жерден таршылық көріп отырмыз дейді.
Жиынға видеобайланыс арқылы қосылған аудан әкімі Медет Оспанов мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді ауыл халқына беруге дайын екендігін айтты.

МЕДЕТ ОСПАНОВ – Есіл ауданының әкімі 
– “Мемлекеттік меншікте 93 га бос жер бар. Соны біз ұсындық қандас бауырларға шабындық ретінде. Бірақ, 1 жыл болды әкімдікке келіп ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол жердің шөбі керемет деп айта алмаймыз. Бірақ, бар жерді ұсындық”. ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 
– “Жылда осындай жағдай болмайтын шығар. Сондықтан, жерді осы 93 гектарды алып алыңыздар. Сол жерде де жұмыс істеуге болады. СҚО-ның барлық жерлері жақсы. Тек қана жұмыс істеу керек. Еңбектің арқысында шөп те болар сол жерде”.

Бүгіндері Бірлік ауылында 49 үй түтін түтетіп отыр. Елді мекен тұрғындарының айтуынша ауылда 21-ші ғасырда интернет жоқ. Аудан әкімі бұл мәселе алдағы уақытта шешілетіндігін жеткізді.


Данаш Хамзина