МТРА жаңалықтары

Ерекше балаларға арналып қойылым қойылды

 

Бүгін облыстық қуыршақ театрында кембағал балаларға арналып қойылым қойылды. Өңір аудандарынан 100-ге тарта ұл-қыз жиналды. Қуыршақ театрының талантты актерлері кішкентай көрермендерге «Түймеқыз» ертегісін ұсынғалы отыр.

НЕЛЯ ШТАЙНБРЕНЕР, “Үміт. Сенім. Мейірімділік” қоғамдық көмек қорының директорыконецформыначалоформы

–  Бұл спектакль балалардың көңілінен шығады деген ойдамын. Балалар «Алтын күз» тақырыбында қолөнер бұйымдарын жасаған болатын. Біреулері киім-кешек тікті. Спектакльдің соңында балалардың еңбегін атап өтіп, мақтау қағазымен марапаттаймыз.

Сонымен, спектакль шынашақтай қыз туралы. Өзі кішкентай болса да көрікті, мейірімді және өжет. Шағын ғана қойылымда түймеқыздың көлбақаға қалай қарсы тұрғандығы баяндалады. Басты кейіпкерге жау қолынан қашып құтылуға алдынан жолыққан түрлі тіршілік иелері көмектеседі. Түймеқыз ән айтуға құмар.

Жолда жаралы қарлығашқа жәрдем береді. Ақыры жасаған жақсылығы алдынан шығып, манағы қарлығаш оны гүлдер әлеміне апарады. Кішкентай қыз сонда бақытын табады.

МЕЙРАМ СЕКСЕНБАЕВ, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі
–  Ертегі екі тілде қойылған. Бүгінгі қойып жатқанымыз орысша. Спектакльге көрермендер облысымыздың әр ауданынан келіп отыр.

Ерекше балаларға арналған жиын қуыршақ театрында осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отыр.


Гульден Симбаева