МТРА жаңалықтары

Президент Жолдауы мектеп қабырғасында талқыланды

Президент Жолдауы қаламыздың Ойқала ықшам ауданында орналасқан Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектебінде талқыланды. Қыркүйектің 1-і күнгі Парламенттің кезекті сессиясында Мемлекет басшысының білім саласына айрықша тоқталғаны мәлім. Бірқатар мәселені тілге тиек етейік. Келешекте Қазақстанда «Жайлы мектеп» атты ұлттық жоба қолға алынды. Оның аясында 2025 жылға дейін 800 мың баланың
заманауи оқу ошағында оқуына жағдай жасалады. Ескерер жайт, ақша ұлттан гөрі ұртты ойлағандардан алынуы мүмкін.

ГРАФИКА:
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
– Мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек.

Заман бір орында тұрған жоқ, үнемі даму үстінде. Сондықтан, Президент жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды екенін айтты. Абай атамыз “Өзге тілдің бәрін біл” деп жырлады. Кемел ақын келешекті дәл көре біліпті. Қазір тіл білгендер төрде жүр. Осы себепті, Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев “Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады” деген ой білдірді. Бүгінгі жиында «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарлама жайлы да қаузалды.

ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры:
– Бұл қор балалар үшін жұмыс істемек. Бала 18 жасқа толғанда “Енді қай жерде білім аламын?” деп ойлануы мүмкін. Міне, сол кезде жиналған қаржы оның арманын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл – қуантарлық жайт. «Жайлы мектеп» жобасы да көңілімнен шықты. Оның арқасында апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер мүлде болмайды.

Жоғары білім алуды көпшілігі қалайды. Бірақ, университтердегі оқу ақысын көбінің қалтасы көтермейді. Енді арманға жетуге болады. Алдағы уақытта талапты жандарға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие берілмек.

Никита Кузовёнков


Байболат Култанов