МТРА жаңалықтары

Қазақстанда SalyqBot кеңесшісі іске қосылды

 

Қазақстанда SalyqBot кеңесшісі іске қосылды. Чат-ботта Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар. Бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді. Оны іске қосу оңай. Тек телеграмм желісінде чат-боттың атауын енгізіп, онда жазылған нұсқауларды орындау қажет.

ӘЛІБЕК ҚАНИЕВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:
– «SalyqBot» бойынша пайдаланушылар ақпарат беру, салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен есептелетін өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі. Сонымен қатар, қажетті анықтамалық ақпаратты біліп, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді.  Заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге де болады.


Самал Жунусова