Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері марапатталды

Бүгін қылмыстық іздестіру қызметіне 104 жыл толып отыр. Осыған байланысты полиция департаментінде 100-ден астам полиция қызметкері мен ішкі істер органының ардагерлері марапатталды. Жеке құрамды айтулы күнмен полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов құттықтады.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:
– “Жедел уәкілдер қылмыспен күресте қашанда алғы шепте жүреді. Өмірлеріне қауіп төнсе де қиын тапсырмаларды орындап, небір ауыр қылмыстарды ашып жатады. Осы ретте күн сайынғы тынымсыз еңбек ержүрек әрі кәсіби мамандарды қалыптастырды”

Бүгінгі жиында бірнеше офицер департамент бастығының қолынан медаль, грамота мен алғыс хат алды. Соның ішінде мерзімінен бұрын полиция подполковнигі шенін алғандар да бар.

АБЗАЛ ТЕМІРБАЕВ,  СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:
– “Жедел-қызметтік жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенім үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен маған мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» арнайы атағы берілді. Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері еңбек етемін”.

Жиын ведомствоның мәдени орталық әртістері әзірлеген концерттік бағдарламамен аяқталды.

Гульден Симбаева