Балалар

6637 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін Петропавлдағы 6637 әсери бөлімінде дәстүр болып қалыптасқан ашық есік күні өтті. Мейман ретінде аудандық жоғарғы сынып оқушылары шақырылды. Ұлдарға арнайы техника мен қару-жарақ таныстырылды.

Ұлдар көбінесе әскери техникаға қызыққан сыңайлы. Әрбір көліктің іші-сыртымен танысып шықты. Шараға 4 ауданның жасөспірімдері қатысып жатыр. Нұрлыбек Еркін Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылынан келіп отыр. Осы сынды шараға алғаш рет қатысып жатыр екен. Өзіне арнайы техникаға ұнаған.

НҰРЛЫБЕК ЕРКІН, оқушы, Жамбыл ауданы:
– Екінші тұрған “Тигр” деген ұнады. Біріншіден, асты биік және де бронированный. Ішіне көп адам сыяды.

Ерекше жиынға барлығы – 129 оқушы қатысып жатыр. Олардың басын қосудағы мақсат – әскери өмірдің қандай екенін көрсету әрі осы арқылы патриоттық тәрбие беру. Мүмкін, алдағы уақытта арасынан біреулері әскери қызметті таңдап қалар.
Кадр жағы – бүгінде көкейкесті мәселе дейді әскери бөлім командирінің орынбасары Мақсат Мұқаев.

МАҚСАТ МҰҚАЕВ, 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
– Осы шара арқылы біз болашақ Отан қорғаушыларға әсери өмірдің бір күндік тынысын барынша көрсетудеміз. Бұл, әрине, жас ұрпақтың бойына жігер беріп, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті арттыра түседі. Әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігін күнде көре бермейтін жастар ерекше әсер алады деп есептеймін.

6637 әскери бөлімінде ашық есік күні жылына 2 рет ұйымдастырылады. Келесі жолы өзге аудан оқушыларын қамту жоспарланып отыр.

Гульден Симбаева