Құқық қорғау органдары

Жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті

Облыс жолдарында жыл басынан бері жануарлардың қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы болды. Жуырда осындай екі бірдей факті тіркелді. Көлікпен келе жатқан 42 жастағы ер адам түнде Есіл ауданында жылқыны қағып кетті. Ал Аққайың ауданында түнделетіп келе жатқан ерлі-зайыпты табыннан бөлініп кеткен жылқыға барып соғылған. Бірінші жағдайда төрт аяқты жануар жарақат алып, екінші оқиғадағысы мерт болды. Жүргізушілер мен жолаушылар аман. Биыл полиция қызметкерлері жануарларын қараусыз жіберген 3 жарым мыңға жуық адамға айыппұл салып, қаңғырып жүрген 10 мыңға жуық малды арнайы шашпаға қамаған.

Гульден Симбаева