Құқық қорғау органдары

Облыс жолдарына жыл соңына дейін 30 камера орнатылады

Облыс орталығында жолдағы ереже бұзу фактілерін тіркейтін автоматтандырылған 7 жүйе жұмыс істеп тұр. Бейнекамералы автоматика көлік қозғалысы тығыз қиылыстарда орналасқан. Соңғы 9 айда автоматты бақылау-өлшеу құралдарымен 5 жарым мыңнан астам түрлі факті тіркеліпті. Сонымен қатар, өңірдегі жолдарға жыл соңына дейін 30 камера мен 28 ақпараттық-бағдарламалық кешен орнатылады.

МӘНСИЯ ҚОСШЫҒҰЛОВА, СҚО ПД ӘПБ инспекторы:
– Жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын төмендету, сондай-ақ, жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында облыс аумағында және көше-жол желісінде 2021 жылғы 1 тамызда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен «Бұлтты қызмет» қызметтерін сатып алуға шарт жасағанын, бұл 30 бірлік көше бейнебақылауы камераларын, сондай-ақ, 28 аппараттық-бағдарламалық кешенді жалға алуды білдіретінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта мердігер жүйелерді монтаждау және іске қосу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Құрылғылар негізінен жылдамдықтың артуын және бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту фактілерін тіркейді. Бұған қоса көлік ағынындағы мемлекеттік нөмірлі автомобильдерді автоматты түрде таниды. Жалпы, жыл басынан бері облыс жолдарында 221 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 300-ден астам адам жарақат алып, 35 адам қаза тапты.

Самал Жунусова