Ауа райы

Қазан қандай болады?

Синоптиктердің айтуынша шуақты күндер қазанда аз болмайды. Дегенмен,
бұлт қаптап, жаңбыр да жауады. Тіпті, екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -3 градусқа дейін суытады.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:
– Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -3-8, облыстың шығысында 11 градус аязға, күндіз 0-5 градус жылыға, облыстың солтүстігінде -3 градус аязға дейін төмендеуі болжанады. Кейін ауа температурасы +1 мен +6 градус жылыға, күндіз +6 мен +11 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Ал айдың үшінші онкүндігіне келетін болсақ, ауа райы құбылмалы болады. Яғни, күндіз бірде суық болса, бірде жылиды.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:
– Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -8 бен -13, облыстың солтүстігінде -18 градус аязға, күндіз -3 пен -8 градус аязға дейін төмендеуі күтілуде. Содан кейін ауа температурасының түнде 0+5 градус жылыға, облыстың солтүстік- шығысында -3 градус аязға, күндіз +4 пен +9 жылыға дейін көтерілуі болжанады.

Жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан асады деп күтілуде. Қазан айына тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Гульден Симбаева